Оған әлемнің 20 елінен спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Аталған спорт түрін Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың бағдарламасына енгізу жоспарлануда.
Аталған спорт түрі 2011 жылы Астана мен Алматыда 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу бағдарламасына қосылған болатын. Қазақстан бұның алдында Әлем Кубогінің кезеңдері мен финалдарын, Азия чемпионаттарын, қысқы Спартакиадаларын табысты өткізген де болатын. ХОК шаңғыда спорттық бағдарлауды Қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы мәселені қарастыруда.