Қазақстанда тұңғыш рет ұшақты әйел басқарды

Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде тұңғыш рет әйел ұшқыш ұшақты басқарды, деп хабарлайды Today.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР қарулы күштерінің әуе қорғаныш күштерінің 53898 әскери бөлімінде аға ұшқыш Ардана Ботай өзінің алғашқы әуеге ұшуын жасады. Ол әскери базадағы Л-39 оқу-жаттығу ұшағының тізгінін ұстады.

Әуе көлігінің тізгінін кәсіби түрде өзі басқару – мансаптағы маңызды баспалдақ.