Қазақстанда тұратын Украина азаматтары Янукович үшін дауыс берді - Қазақстандағы Украина елшілігі

Қазақстан аумағында Украина президентін сайлау үшін қайталап дауыс беру шарасын ұйымдастыру мақсатымен Қазақстандағы Украина елшілігі Астанада №39 және Алматыда №40 екі сайлау учаскесін құрған. Елшіліктің мәліметі бойында бұл учаскелерде 27-желтоқсанда жалпы алғанда 195 сайлаушы дауыс берді. Олардың 35,9 проценті Виктор Ющенко, 62 проценті Виктор Янукович үшін дауыс берген. Екі үміткерге де қарсы дауыс бергендер 2 процентті құрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметі бойынша, В.Ющенко үшін сайлаушылардың 54,26 проценті, немесе, 13 млн. 350 мың 976 адам дауыс берген. Ал В.Януковичті сайлаушылардың 41,95 проценті немесе 10 млн. 323 мың 497 адам қолдады. Сайлаушылардың 2,37 проценті екі үміткерге де қарсы дауыс берген.