Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.
«Көшпелі және ішкі труизм саласында көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау тетігін әзірлеу көзделіп отыр», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, көшпелі туризм қауіпсіздігін арттыру мақсатында аталған бес кластердегі ірі деген туристік бағыттарды паспорттандыру қарастырылған.
«Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысындағы «Тылсым Алтай» туры, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы туры, Маңғыстау облысындағы «Қарағия ойпаты» сынды турлар бар», - деді Н.Сауранбаев.
Оның айтуынша, бұл жұмысқа шетелдік сарапшылар тартылады. Жұмыс төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органдармен келісе отырып жүргізілмек.
Сұхбат www.interfax.kz сайтында орналастырылған.