Қазақстанда түркиялықтарға көмектесу үшін $10 млн қаражат жиналды


Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов қорынан қайырымдылық шотына 5 млн доллар сомасы түскен.

«Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін 5 миллион доллар аударған Өтемұратов қорына алғысымызды білдіреміз. Осылайша, Қазақстанда AFAD-қа аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады», – делінген хабарламада.