Қазақстанда тұтынушы қоржыны 5 жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс - Т.Дүйсенова

«Біз әлемде тұтынушы қоржынын әрбір 5 жыл сайын өзгерту тәжірибесі барын хабарладық. Қазіргі уақытта біз Қазақ тағамтану академиясымен бірге бұл мәселені пысықтадық», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік стандарттардың ең төменгі деңгейіне қатысты заң жобасы жасақталуда. «Стандарттардың базалық көрсеткіші күнкөрістің ең төменгі деңгейі болмақ», - деп атап өтті Т.Дүйсенова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда тұтынушы қоржыны 19 966 теңгені құрап отыр.