"Бүгін тұтас алғанда мақұлдаймыз, бірақ түпкілікті баға осы айдың ішінде белгілі болып қалар, ол аздап артуы, не азаюы ықтимал, бірақ тым күрт қымбаттамайды", деді С.Ахметов сейсенбіде үкіметтің отырысында.
Отырыста табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекшісі Марат Оспанов атап өткендей, жаңа тарифтерді биылғы жылдың мамыр айынан бастап қолдану көзделген.
"Тұтынушыларға белгіленетін түпкілікті бағаға келер болсақ, бүгінде агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп саралауды қолдану әзірлемесін аяқтауда. Әр аймаққа қатысты түпкілікті баға 1-мамырға дейін айқындалады", деді ол.
Оның айтуынша, жіктеу тарифтерді экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бекітілген дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді.