Ұлттық бірыңғай тестілеуде 50 пайыздық межені жинай алмаған мектеп түлектері 2242 теңге төлеп, сынақты қайта тапсыра алады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Биыл ҰБТ 1-15-маусым аралығында өтеді. Ең төменгі межені жинай алмаған түлектерсынақты тамыз айында, Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан ЖОО-да қайта тапсырады», - делінген хабарламада.
ҰБТ-ны екінші рет өткізетін ЖОО тізімін министрлік анықтайды. Қайта тестілеуде түлектер төрт пәннен, яғни, Қазақстан тарихы, математика, оқыған тілі мен таңдаған (салалық) пән бойынша сынақ тапсырады.
«Тесті екінші рет тапсыру үшін түлектер өтініш жазып, 4 дана 3х4 суреті мен орта мектепті бітіргені туралы құжаттарын ЖОО-на тапсырады. Сынақты қайта тапсыру құны 2242 теңге», - деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.