Қазақстанда үй сату мен сатып алу жиілей бастады

2018 жылдың бес айында осыған қатысты 95 264 мәміле жасалған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 5,6% жоғары, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен айда Қазақстанда сату-сатып алуға қатысты 22 355 мәміле жасалған. Оның 15 мыңы – пәтер сату-сатып алуға қатысты болса, қалған бөлігі жер үйді сату-сатып алуға қатысты болған.

Мамыр айында Астанада жылжымайтын мүлік көп сатылған, яғни тұрғындар бір-біріне 3 мың үй сатқан. Екінші орында Алматы тұр, ол жақта 2700-ден аса үй сату-сатып алуға қатысты мәміле жасалса, Қарағанды облысында 2200 мәміле жасалған. Қызылорда мен Атырау қаласында сату-сатып алуға қатысты көрсеткіш төмен. Ол жақта мамырда бар болғаны 500 мәміле жасалған.