Қазақстанда Ұлттық геологиялық компания құрылды

Таяуда елімізде тау-кен металлургиялық мәселелерімен айналысатын «Тау-кен Самұрық» компаниясының құрылғандығын еске салған А.Кәрібжанов: «Қазір болса, Ұлттық геологиялық компанияны құру жұмыстары аяқталуда. Алдағы уақытта біз осы екі компанияны отандық нарыққа жіберетін боламыз. Олар геологиялық барлаудан бастап, өндіріп-байытуға дейінгі барлық үдерістерді қамтитын болады», - дейді А.Кәрібжанов.

Төраға орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда Ұлттық геологиялық компанияны құру бойынша барлық құжаттар рәсімделіп, осы компанияның басшысы анықталды. «Жақын арада біз компанияның таныстырылымын жасаған кезде компания басшысының атын жариялайтын боламыз», - деп атап көрсетті ол.