�Елдегі менің тұрақты қолдауыммен жүргізілген реформалар арқасында бизнес дамыды�,- деді Н. Назарбаев. �Естеріңізде болса, сіздердің барлықтарыңыз өз қолдауларыңызды көрсеттіңіздер, себебі үкімет те, экономика да, аймақ та дайын болмаған. Егер сіздер осындай қолдаулар көрсетпегенде, сіздердің көтерулеріңіз екі талай еді�,- деп қосты президент.
�Біз сіздердің мүмкіндіктеріңізді білеміз�,- деді елбасы. �Егер сіздер бірлесіп, дара жұмыс істейтін болсаңыздар, сіздер біздің экономикамыздағы үлкен үлеске ие боласыздар�,- деп атап өтті Н. Назарбаев.
Телеарнаның ақпараттарына сүйенсек, қазақстандық инвесторлардың экономикаға қосқан үлесі бүгінгі күнде 80 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл шетелдік инвестициядан 20 млрд АҚШ долларына артық. Президент, ақшаны тек пайда әкелетін салаларға ғана емес, сонымен қатар экономиканың басқа да салаларына салу қажет екендігін атап өтті.
Инвесторлар президентке өздерінің оншақты жобаларын ұсынды. Президент ұсынылған жобалардың жалпы сомасын атады - 40 млрд АҚШ доллары.
Кәсіпкерлер салықты төмендетуге ұсыныс жасады. �Корпоративті табыс салығын 10 пайызға дейін, НДС - 10 пайызға дейін төмендетіп, салық есебін қысқарту және дара кәсіпкерлерді нақты регламенттеу сияқты нақты ұсыныстарымыз бар�,- деді Қазақстанның Кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер кеден заңының жетілмегендігін атап көрсетті. �Бүгінгі кеден саясаты әртүрлі көптеген сыбайлас жемқорлықтарға жол береді. Біздің нақты ұсынысымыз - кедендік баж салығын унификациялау�,- деп қосты ол.
Президент ең болашағы зор жобаны бір айдан кейін ұсынуды тапсырды, деп қорытындылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті