"Елімізде қазіргі заманғы қарулы күштер жасақталды, дипломатиялық күш-жігеріміздің арқасында егемендігіміз бен республиканың аумақтық біртұтастығы бекітілді",- деді президент. "Кейінгі жылдары біз 14 мың шақырымға созылып жатқан мемлекеттік шекара сызығына қада қағып, белгілеп алдық. Бұл - қауіпсіздігіміздің ауыз толтырып айтарлықтай үлкен кепілдігі",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
"Қазақстан аймақтық қауіпсіздіктің арқау-негізін қалауға белсене атсалысуда",- деді Елбасы. "Елімізді қоршай бейбітшілік белдеуі құрылды, айналымыздағы бірде-бір мемлекет бізге жаулық пиғылда емес деп нық сеніммен айта аламыз",- деді Н.Назарбаев.
"Ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның тұтастығы сынды алғышарттар болмайынша, мемлекетіміз тұрақты дами алмайтын еді",- деді Қазақстан президенті.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті