Қазақстанда ұлттық радикализмнің кез-келген түріне қатаң тосқауыл қойылатын болады - мемлекет басшысы



"Қай жақтан туындамасын, біз ұлттық радикализмнің кез-келген түріне қатаң тосқауыл қоятын боламыз", -деп мәлімдеді Н. Назарбаев бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының 13-ші сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы " Қазақстан халқы ассамблеясының алдында деструктивтік күштердің ұлтаралық қарым-қатынас саласын саясиландырып жіберуіне жол бермеу мақсаты" тұрғанын атап өтті. " Қазақстан халқы ассамблеясы уақыттың тынысын дөп баса танып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақты нысаналы шаралар қолдануға тиіс", - деді президент.

Сонымен бірге мемлекет басшысы "Қазақстан қоғамында тұтастай алғанда қазір" "экономикалық өсім мен әл-ауқатының тұрақты өсіп келе жатқанына байланысты сан алуан радикалық үндеулер мен арандатушылықтарға қарсы белгілі бір иммунитет қалыптасқанын" да атап өтті.

Президент бұған қоса " Қазақстан халқы ассамблеясының басқаруымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық қарым-қатынастар саласындағы зерттеу-талдамалық жұмыстарды күшейте түсуді" тапсырды.