Ол атап өткеніндей, "жыл басынан 3,5 мың өрт өршіп, соның салдарынан 123 адам қаза тауып 175 адам түрлі жарақат алды". ТЖМ ақпараты бойынша өрт кесірінен келтірілген материалдық шығын көлемі 1 млрд 107 млн теңгені құрады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылы республика бойынша 19 мың өрт көзі тіркеліп, оның 68% жеке тұрғын үй секторында орын алған. Келтірілген шығын мөлшері 4,5 млрд теңгені құрады. 2007 жылы өрт салдарынан 606 адам қаза болды.