Қазақстанда үш банк қана зейнеткерлерге кепілсіз несие бере алады


Қазақстанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша зейнеткерлердің саны 1,8 миллион адамды құраған. Тұрғындардың осы тобына тек үш банк қана кепілсіз несие ұсына алады. Ал жалпы, клиенттерге әдеттегі кепілсіз несиелерді 21 екінші дәрежелі банк ұсынады. 

Ең жоғары сомалы кепілсіз несиені Халық банкі береді - 4 млн. теңгеге дейін. Сонымен қатар, Халық банкі мен Хоум Кредит банкі несиенің төлену мерзімін 48 айға дейін ұзартады. Ал Астана Банкінде шекті мерзім - 24 ай. 
Ең төменгі тиімді мөлшерлеме Халық банкінде - 24 пайыз. 

Клиенттердің жас мөлшері жөніндегі ақпаратты екі банк берді. Халық банкі зейнеткерлікке шыққан адамдарға 70 жасқа дейін несие бере алады. Яғни, зейнеткердің 70 жасқа толу уақыты несиенің өтелу мерзімімен сәйкес келуі тиіс. Ал Хоум Кредит банкінде кепілсіз несие 45 жастан 72 жас аралығында беріледі.