Қазақстанда ұшқыштар қанша жалақы алады?

Аталған көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 6,5% өсті. Әуе компанияларының жетекшілері өткен жылы шамамен 1,8 млн теңге көлемінде жалақы алған болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бөлім жетекшілерінің жалақысы 866,3 мың теңге, ұшақтардың ұшуына жауап беретін жетекшілер 338,9 мың теңге, авиациялық отрядтың инженерлері 131 мың теңге, борт инженерлері 760,8 мың теңге, инженер-авиациялық қызметтің инженерлері 379,9 мың теңге және Еңбек пен техника қауіпсіздігін күзететін инженерлердікі 177,7 мың теңге болды.


Әуе кемелерін эксплуатациялайтын авиациялық техниктер орташа есеппен 168,1 мың теңге, ұшқыштар 171,7 мың теңге, штурмандар 667,4 мың теңге, аэродром диспетчерлік пунктінің диспетчерлері 149,2 мың теңге, бортмеханиктер 339,9 мың теңге көлемінде жалақы алды.

Ал бортсеріктер 289,7 мың теңге, жанғыш-майлағыш материалдар бойынша авиациялық техниктер 190,4 мың теңге, жүк ұшақтарының бортоператорлары 536,4 мың теңге, бортрадистер 589,2 мың теңге көлемінде жалақы алды.