Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймағынан келетін циклонмен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста нөсер жауын күтілуде.
"Кезең соңында елдің батысына солтүстік-батыс антициклоны тарайды. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда. 24 мамырда түнде және таңертең орталық пен шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.
Ірі қалалардағы ауа райы
24 мамырда Нұр-Сұлтанда күн ашық, түнде +14 градус, күндіз 24 градус.
Алматыда күн бұлтты, кешке жаңбыр жауады. Түнде +11 градус, күндіз +21 градус.
Шымкентте күн ашық, түнде +13 градус, күндіз +26 градус.