Естеріңізге сала кетсек, 2007 жылдың 21 тамызында, ҚР көлік және коммуникация министрлігі мен "БРК-Лизинг" лизингтік қаржыландыру шеңберінде теміржол, су және әуе көлік саласында инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыру туралы қарым-қатынас меморандумына қол қойған болатын.
Бұдан бұрын хабарлағынымыздай, Қазақстанда вагондар тапшылық мәселесін шешу үшін вагон шығаратын жеке кәсіпорын ашу туралы ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов, 22 қазанда өткен ҚР ИСМ жанындағы экспортерлер кеңесінің отырысында айтқан. "Үкіметте бұл мәселені талқыланғанда, Петропавловск зауыты негізінде өндірісті жолға қойып, шарт бойынша ҚТЖ тарапынана кепілдендірілген тапсырыстар болуы тиіс дегенбіз. Премьер-министр менімен келісті", - деп атап өтті Ғ. Оразбақов.
ҚР тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының ақпараты бойынша, биылғы жылдың 8 айында, үш тау кен өндіруші кешені ЖШС "Богатырь Аксес Көмір", "Миттал Стил Теміртау" АҚ және "Майкөубен-Вест" ЖШС бойынша 7 мың вагон жеткізілмеді. "Осы уақыт аралығында тұтынушыларға 370 млн тенге мөлшерінде 500 мың тонна өнім жіберілмеді. Осыны ескере отырып, төртінші тоқсанда бұл кәсіпорындардың сұранысы 200 мың вагоннан асып жығылады".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті