Қазақстанда ВИЧ/СПИД-ке қарсы әрекет ету туралы бес жылдық бағдарламаның жобасы үкіметке қараша айында ұсынылады

"2006-2010 жылдарға арналған Қазақстанда СПИД індетіне қарсы әрекет ету бағдарламасының жобасын халықаралық сарапшылармен талқылау жұмысы жалғасуда, ол 20 қарашаға қарсы аяқталып ,үкіметке ұсынылады",-деп атап өтті А.Дерновой.

Министрдің ақпаратына сәйкес, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында шамамен 6,5 млрд. теңге бөлінеді, "оның ішінде аталған соманың 50% халықаралық ұйымдардың қаражаты" .

Айта кетейік, 2001-2005 жылдарға арналған ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы осыған дейін Ғаламдық қордан қаржыландырылған. Мемлекеттің шығыны 20-25% құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті