Қазақстанда заңдастыру іс-шарасы аясында 6,7 млрд АҚШ долларының мүлкі заңдастырылған - алдына ала берілген мәліметтер

"Бұл сомадан заңдастырылған ақшаның сомасы 536 млрд теңгені, немесе 4,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр",- деп хабарлады Кәрім Мәсімов. Ол сондай-ақ, "заңдастырудың қорытындысын есептеу жалғасып жатыр, бұл алдын ала жасалған қорытынды",- деп нақтылап өтті.

"Мемлекет басшысының мүлікті заңдастыру жөніндегі бастамасы өзін толықтай ақтағандығын айта аламын, бүгінгі күнде өз мүлкін заңдастырғысы келген Қазақстанның барлық азаматы мүліктерін заңдастырып алды",- деп санайды үкімет басшысы. "Олар біздің жүйеміздің тұрақты екендігін тексерді, мемлекет басшысының кепілдігіне сенді",- деп атап өтті премьер.

К. Мәсімов жүргізілген іс-шара "өте маңызды және қажет", деп санайды. "828 млрд теңге - бұл біздің республикалық бюджетіміздің үштен біріне тең. Қазір елімізде жаңа заңды нысандар пайда болды, олар бюджетке салық төлеп, олардың иелері заңды жұмыс істей алады",- деді Кәрім Мәсімов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мүлікті заңдастыру жөніндегі іс-шара 31-шілдеде аяқталған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті