Қазақстанда заңдастырылған 164 мың мигранттың 100 мыңға жуығы еңбек етеді

Көші-қон полициясының ақпаратына сәйкес, аталған мигранттардан 73 468 адаммен үш жылға еңбек шарты жасалған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңдастырылған басқа мигранттар бүгінгі күні Қазақстан аумағынан шығып кеткен, бірақ олар осында қайта оралып, еңбек ете алады.

Басқармадағылардың түсініктемесіне сәйкес, ерекше үлгідегі көші-қон карточкалары бар, заңдастырылған жұмысшылардың ең көп бөлігі Алматыда - 21 783 адам, Алматы облысында - 14 223 мигрант, Атырау облысында - 11 411 адам тіркелген.

"Осы жылдың 5 айында бюджетке түскен салық түсімдерінің жуық көлемі, қол қойылған келісім-шарттарына сәйкес, 235 млн 276 мың теңге болуға тиіс",- деді полициядағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті