Қазақстанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті

1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері өсуінің жалпы көлемі 2014 жылы 14 пайызды құрайды.

Базалық зейнетақы 12 пайызға өсіп, 10450 теңгеге жетеді. Оларды 1,9 млн. зейнеткер алады. Еңбек зейнетақысының орташа мөлшері 14 пайызға, 46 661 теңгеге дейін өседі.

№ 1 тізім бойынша мүгедектігі, асыраушысынан айырылуына байланысты және жасына қарай, арнайы мемлекеттік жәрдемдер және №2 тізім бойынша бала туу және бала күтімі бойынша жәрдемақылар 2014 жылғы 1 сәуірден жыл басындағы көтерілген 7 пайыз ескеріле отырып, 12 пайызға дейін өсіріледі. Мүгедектігі бойынша  әлеуметтік төлемдер мөлшері орташа есеппен 21 323 теңгені, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер - 19 804 теңгені, жасына байланысты төлемдер - 10 450 теңгені құрайды.

№1 тізім бойынша аса зиянды және аса ауыр жұмыста болғандарға мемлекеттік жәрдемдер мөлшері 17 451 теңгені, №2 тізім бойынша - 15 512 теңгені құрайды.


Сонымен бірге 1 сәуірден бастап ҚР азаматтық қызметкерлерінің еңбекақысы 10 пайызға арттырылады. Үкіметтің мәліметтері бойынша мұны 1,5 млн.-ға тарта адам сезінеді. Олардың 1,1 млн.-і -  азаматтық қызметкерлер, 236,8 мыңы - кәсіби емес жұмысшылар, 88,5 мыңы - штаттан тыс қызметкерлер.

2015 жылдан бастап Қазақстанда бала асырап алуға байланысты 75 АЕК мөлшерінде (Қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш 2014 жылғы қаңтардан бастап 1852 теңгені құрайды)  біржолғы ақшалай төлем   енгізіледі.