Қазақстанда зергерлік бұйымдарды міндетті сертификаттау алынады - Школьник

"Міндетті сертикаттауға жататын өнімдердің тізімін қысқарту жұмыстары жүргізілуде, соған сай ол тізімнен зергерлік бұйымдарды алып тастау, сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды сатқанда сертификат болуы қажет деген талапты алып тастау көзделуде", - деді В. Школьник.

"Бұл ел ішіндегі сауда ережелеріне енгізілетін өзгешелік, таяу уақыттарда тиісті жоба мекемеаралық келісімге жіберіліп, белгіленген тәртіп бойынша үкіметтің қарауына ұсынылады", - деді министр.