Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«Жуық арада мұнай өнімдерінің мемлекет тарапынан белгіленетін шектеулі бағасы төмендейді.
Аи-92 бензинінің бағасы 128 теңгеден 115 теңгеге, дизель отынының бағасы 115 теңгеден 107 теңгеге төмендейді. Аи-80 бұрынғы 89 теңге қалпында қалады», - деді ол сейсенбідегі брифингте.