Қазақстанда жаңа БАҚ туралы заң қабылдануы мүмкін- мәдениет және ақпарат министрі

"Мен министр ретінде, "Бұқаралық ақпарат құралдары" туралы жаңа заңына қарсы емеспін. Мәселе БАҚ туралы жаңа заңды қабылдау жөнінде бастама көтерілуінде. Біздің министрлік оған ашық әрі дайын", - деді Е. Ертісбаев депуттардың сауалдарына жауап берген кезінде.

Министр еске салғанындай, парламенттің үшінші шақырылымының бір топ депуттары "БАҚ" туралы жаңа жобасын жазып, онда "қазіргі қолданыстағы заңның 80% қайталаған" болатын. Ал заң шығару процедуралары бойынша, өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы заңның 50% артық болған жағдайда ғана жаңа заң қабылданады.

"Мен журналистер одағына, Қазақстанның журналистер конгрессіне, "Әділ сөз" қорына,"Интерньюс-Казахстан" және парламент корпусына біздің министрліктің қатысуымен "дөңгелек үстел" ұйымдастырып, онда қазіргі қолданыстағы заңды егжей- тегжейлі сараптап, біздің ұсынып отырған заңды талқылау жөнінде ұсыныс жасадым", - деді Е. Ертісбаев.

"Егер өзгертулер көлемі 50% жоғары болса, онда БАҚ туралы жаңа заңның қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуі біздерге білгілі бір жауапкершілікті жүктейді", -деп атап өтті ол.