Қазақстанда жаңа Кеден кодексінің жобасы жасалады - Кәрім Мәсімов

"Алдағы жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің жобасын жасау, жаңа Салық кодексінің жобасын жасау барысында қазіргі қолданыстағы Кеден кодексінің осал тұстары байқалды", -деді Кәрім Мәсімов.

"Сол себепті мен жаңа Кеден кодексінің жобасын жасау жөнінде өзімнің орынбасарым Ербол Орынбаев басқарған жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдадым. Ол енді қабылданатын үш жылдық бюджеттің жобасы мен Салық кодексінің жобасымен үйлесімді әрі синхронды болуға тиіс", - деді ол.