Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қараша айында 0,3%-ға қымбаттады


Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қайталама базардағы жайлы тұрғын үй бағасы қараша айында 0,2%-ға, жайлы тұрғын үйді жалдау өткен айда 0,7%-ға ұлғайды.

Орташа алғанда республика бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің сату бағасы қараша айында 188,3 мың теңгені, қайта сатылатын жайлы тұрғын үй бағасы 146,4 мың теңге, жайлы тұрғын үйді жалдаудың бір шаршы метрі 1092 теңгені құрады.