Қазақстанда жаңа ұлттық рейтинг агенттігін құру жоспарланған

Е.Арыстанов: "Біз өзіміздің ұлттық рейтингілік компаниямызды құрамыз деген шешімге келіп отырмыз",-деді. "Егер ол бастапқыда көп шығын талап ететін болса, компания аяққа тұрып кеткенше алғашқы үш жыл аралығында мемлекет бізге көмек көрсетеді",-деп үміт білдірді ол. Агенттік төрағасының пікірінше, "бұл орта және шағын компаниялар үшін рейтингілік бағалардың төмен болуына; отандық компаниялардың үнемі рейтінгілік деңгейді қадағалап отыруы үшін; сонымен қатар, инвесторлармен арадағы қатынасты дамыта түсу үшін, әрі жаңа компанияны құру және оны кәсіби түрде дамыту мақсатында қажет болады."


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті