Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қатынайтын болады

Мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында төмендегі бағыттар бойынша қосымша пойыздар сапарға шығады:

- №152/151 Астана-Алматы-1, пойыз Астанадан 2015 жылдың 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 1 қаңтарында,   Алматыдан 2015 жылдың 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында жолға шығады.

- №153/154 Астана-Қостанай, пойыз Астанадан 2015 жылдың 27 желтоқсанында,  Қостанайдан 2015 жылдың 28 желтоқсанында жолға шығады.

- №156/155 Қарағанды-Жезказған пойызы Қарағандыдан  2015 жылдың 15, 17, 19, 25, 27, 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында және Жезқазғаннан 2015 жылдың 16, 18, 20, 26, 28, 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 3 қаңтарында жолға шығады.

- №452/451 Алматы-2-Достық пойызы аптасына үш рет Алматыдан 2015 жылдың 14-28 желтоқсаны аралығында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, ал  Достық стансасынан 2015 жылдың 15-29 желтоқсаны аралығында сейсенбі,бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады.

- №454/453 Алматы-1-Семей пойызы,   Алматыдан        2015 жылдың         27 желтоқсанында,  Семейден  2015 жылдың   28 желтоқсанында жолға шығады.  


Бұдан бөлек,       2015 жылдың     27 желтоқсанынан бастап №47/48 Атырау-Астана «Каспий»  жүрдек пойызы енді жаңа бағыт: Көкшетау-Новоишим-Қостанай-Тобыл-Никельтау-Қандыағаш стансалары арқылы (бұрын Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Никельтау, Қандыағаштың үстімен өтетін) күнара жүретін болады. Пойыз Атыраудан жұп күндері, Астанадан тақ күндері жолға шығады.

2016 жылдың 4-ші қаңтарынан бастап Қарағанды-Киев бағыты бойынша (Астана-Киев пойызының орнына) №107/108 жолаушылар пойызы тағайындалды. Пойыз аптасына бір рет Қарағандыдан дүйсенбі, ал Киевтен бейсенбі күндері сапарға аттанады.