деп хабарлады Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов.
"Бас бостандығынан айырылып сотталғандар саны 5313-ден 4 861-ге дейін азайды, пайыздық қатынаспен алар болсақ, 37% - 40%", деді ол Астанада бейсенбіде баспасөз мәслихатында.
Ол нақтылап өткендей, аса ауыр қылмыс жасағандары үшін бас еркінен айырылып сотталғандар саны 841 адам.
"Кәмілеттік жасқа толмағандарға келер болсақ, бүкіл сотталғандардың ішінде олардың үлесі 3%. Кәмілеттік жасқа толмағандар 12 адамды өлтірген, 17 адамға ауыр залал келтірген", деді ол.
Аталған мерзім ішінде 1595 әйел сотталған, оның ішінде бас бостандығынан 26% айырылды.