"Қазір дүние жүзі қару мен жеке құрамды басқару жүйесіне және атуды бақылау жүйесіне көшіп жатыр. Біз қаруланудың жаңа түрлерін - "Айбат", "Семсер" және "Найза" артиллериялық жүйелерін жасау кезінде пилотсыз ұшу аппаратын пайдаландық. Ол осы жүйелерге нысаналардың орналасуы, қашықтығы жөніндегі ақпаратты жіберіп отырады. Яғни, пилотсыз ұшу аппаратынан алынған тапсырмалардың барлық жүйесін бұл қару сол арада қабылдайтын болады", - деді А. Жотабаев.