Қазақстанда жастар арасында СПИД-тің алдын алуға бағытталған ақпараттық науқан басталды

Жоба аясында авторлар ВИЧ індетінің таралу жолдары мен індеттен сақтану жолдары туралы баяндайтын бейне- және аудиороликтердің көрсетілімін ұйымдастырмақшы. С. Суртаеваның айтуынша, 6-шілдеден бастап орыс және қазақ тіліндегі екі бейнеролик екі республикалық және үш жастар телеарнасында көрсетіле бастайды. "Артынан еліміздегі барлық радиостанцияларға аудиоролик таратылады", - деді ол.

Сонымен бірге шара аясында билбордтар, лайтбокстар, брошюралар, плакаттар мен ашық хаттар шығарылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті