Қазақстанда жастар ғылымға бет бұра бастады

46 пайызға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев мәлім етті.

«Соңғы 4 жыл ішінде отандық ғылымда 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 46 пайызға өскен және 9,5 мыңға жетіп отыр. 45 жасқа дейінгілер 49 пайызға жоғарылады», - деді С.Жолдасбаев.

Оның сөзіне қарағанда, елдегі ғылымға деген қолдаудың арқасында жалпы осы саладағы ахуал тұрақталып келеді. 


«Бұл сан және сапа жағынан да қатты әсер етті. Ғылыми қызметкерлердің өсу тенденциясы қалыптасты: 2009 жылы - 15 мың, 2014 жылы - 25,8 мың адам», - деді ол.

Бұндай жағымды көрсеткіштер ғылымдағы тиімділікке де үлкен серпін берген.

«Биыл ғалымдар арасындағы байқауға 6 мыңнан астам қатысушы өтініш беріп отыр. Бұл өткен жылдардағы байқаулардан екі есеге аз», - деді комитет басшысы.