О.Самокейштің пайымдауынша, "жас азаматтар заңсыз сайлау технологияларында пайдаланылады және олардың құқықтық санасы деңгейінің төмендігі байқалады". Осыған байланысты "Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі" қоғамдық қоры "Жас сайлаушылар лигасы-2004" атты бағдарламаны жүзеге асыруға кіріспек. Бағдарлама "таңдауды саналы түрде жасауға түрткі болу, жастардың сайлау процессі туралы хабардарлық деңгейін көтеру және олардың сайлаушылық құқығын қорғау" мақсатын көздейді.
Бағдарламаны жүзеге асыру қарсаңында 2003-жылғы сайлау кезінде жастардың сайлаушылық құқығын бұзу оқиғаларына қатысты зерттеу жүргізілді. Осыған байланысты республиканың 13 қаласында 2400 студент сауалнамаға тартылды. Сауалнама қорытындысы айғақтап бергеніндей, сайлауға келген студенттердің 41,8 проценті сайлаушылар тізімінен өз аты-жөндерін таппаған. Ректоры немесе оқытушысы сайлауға үміткер ретінде қатысқан жоғары оқу орны студенттерінің 20 проценті дауыс беруге мәжбүрлеу проблемасына тап болған. Дауыс беруге мәжбүрлеуге қатысты 10 оқиғаның бірі тікелей қорқытуға негізделген. Жатақханада тұратын студенттерге "жатақханадан шығарылатындығы туралы", ал ал күндізгі бөлім студенттеріне "университеттен шығару немесе оқу барысында қиындық туындайтындығы туралы" қоқан-лоққы жасалған. Студенттердің 16 проценті дауыс беруге мәжбүрлеу - заң бұзушылық екенінен бейхабар болып шыққан.
"Сауалнама қорытындысы біздің ақпараттық тұрғыда томаға-тұйық жағдайда екенімізді көрсетіп берді. Бүгінде тіпті сайлау туралы мүлдем дерлік айтылмайды деуге болады. Студенттр игеретін оқу бағдарламасы сайлау туралы мағлұмат бермейді. Жас сайлаушылардың басым бөлігі мемлекеттік билік органдарының атқаратын функциясынан бейхабар",- дейді О.Самокейш.
Осыған байланысты "Жас сайлаушылар лигасы-2004" атты бағдарламаны жүзеге асыру арқылы "Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі" қоғамдық қоры жастардың сайлаушылық құқығын қорғау бағытындағы бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, 2004-жылғы күзде өтетін парламет мәжілісінің сайлауында жастардың саналы түрде сайлауға баруына жағдай қалыптастыруды мақсат етіп қояды.