Қазақстанда жасы жүзден асқан қанша адам бар?

Қазақстанның ең ұзақ жасаушы тұрғынының жасы 115-те, дейді медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты гериатр-эндокринолог дәрігер, республиканың геронтолог дәрігерлер қауымдастығының президенті Аяш Байсұлтанова «Время» газетінің оқырмандарының сұрағына берген жауабында.


           «Ең ұзақ жасаушы тұрғын Солтүстік Қазақстан облысындағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйде тұрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, 90 және одан жоғары жастағы адамдар ұзақ өмір сүрушілер болып есептеледі. Біздің елде жасы жүзден асқан 26 адам тұрады», - дейді А.Байсұлтанова.
           «Тікелей байланыс» туралы есеп бүгін «Время» газетінде жарияланған.
           Дәрігердің айтуынша, ұзақ өмір сүруге генетикалық фактор, тамақтану, қоғамда қажет болу, экология, психоматикалық факторлы денсаулық, әлеуметтік жағдайлар, дене шынықтырумен айналысу, салауатты өмір салты әсер етеді. Елімізде ұзақ өмір сүрушілердің көпшілігі үлкен қалаларда тұрады екен.
           Көп нәрсе адамның қандай жағдайда өмір сүретініне, немен айналысатынына байланысты. Зейнеткерлік жастық ұзаруының ықпал етуші оң әсерлердің бірі - тұлғаның қазіргі заманда қоғамда қажет болуы. Денсаулық келсе ой еңбегімен айналысу өмірді ұзартады. Адам білімді болған сайын, өмірі де ұзағырақ болатыны мәлім . Қол еңбегімен айналысатын, зиянды өндірісте жұмыс істейтін, экологиялық нашар аймақтарда өмір сүретіндердің жөні бір басқа.
           А.Байсұлтанова тағам қуаттылығын азайту өмір сүру ұзақтығын арттырудың бірден бір жолы. Бұл өзара байланыс 70 жылдан астам уақыт бұрын анық болған және қазір де күмән туғызбайды. Шектеу режімі әдетте пайдаланылатын тағам санын 30-40 пайызға біртіндеп азайтуды білдіреді. Мұнда адам ұлттық тағамдарынан бірден бас тарпауы тиіс.