«Менің пікірімше, республикадағы және шетелдердегі спорттық, туристік сапарлар туралы ақпараттарды ұсынып отыратын жеке тематикалық арнаны ашу уақыты жеткен сияқты. Сонда ғана дене шынықтыру мен спорт насихаты нысаналы әлеуметтік топтарға жететін болады. Біздің спорт тарихымыз өте бай, спорттың өткені, бүгіні мен келешегі туралы айтуымыз қажет»,-деді комитет төрағасы.
Е. Қанағатов сондай-ақ, бүгінде жастардың қолжетімді ақпарат көзі болып отырған жаһандық ғаламторды да жетілдіру қажеттігін айтты.
«Біз тиісті құзырлы органдармен және телеарналармен аталмыш мәселені талқылап, спортты насихаттауды жандандыруға ниеттіміз және мүдделіміз»,-деді ол.