Қазақстанда желтоқсан айында жаңа тұрғын үй бағасы қымбаттады

Қайталама нарықта жайлы тұрғын үй бағасы былтыр желтоқсан айында 0,6%-ға, жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасы 0,4%-ға артты.

Орта есеппен алғанда республика бойынша 2013 жылы желтоқсан айында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 189,1 мың теңге, қайта сатуға түскен жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 147,4 мың теңге, жайлы тұрғын үйді жалға алудың бір шаршы метрі 1096 теңгені құрады.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жаңа тұрғын үй бағасы 10,3%-ға, қайта сатылымға түскен жайлы тұрғын үй бағасы 16%-ға, жайлы тұрғын үйді жалға алу 15,7%-ға артты.