"Егер 2001-2005 жылдары біздің шаруаларымыз нарықтың сұраныс көлеміндей жеміс-жидек жеткізіп тұрса, соңғы екі жылда отандық өндірушілерге өздері қол жеткізген деңгейге дейін жетудің өзі мұң болды, дейді "ҚазАгроМаркетинг" сарапшылары.
Газеттің ақпаратына сүйенер болсақ, бұған себеп өсірілген өнімді сату күннен күнге қиындап барады. Өйткені, тұтынушыға жетер жолды делдалдар қатаң түрде өз бақылауларында ұстап отыр.