Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөністерді "Хаммер" көлігімен сата бастады


Осы орайда fotose.com сайтында "Шынайы бизнес" деген тақырыппен сурет пайда болды. Суретте бағалы көліктің жүксалғышында өте тиімді бағамен жеміс-жидектер сатылымда тұрғаны көрініп тұр. 

Белгілі фотограф Александр Канцедалов өзінің фейсбук парақшасында бұл суретке қалжыңға айналдырып пікір қалдырған. "Бүкіл әлемде дағдарыс болып жатыр. Ал осы кезде Қазақстанның бір жерінде... Жеміс-жидек дүкені Хаммер көлігінің ішінде".