Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, биылғы жылдың қолайсыз ауа-райы астықтың түсіміне ғана емес, ауыл шаруашылық жануарларының өнімділігіне де әсер етуі мүмкін.
"Республиканың бірқатар облыстарындағы құрғақшылыққа байланысты жем-шөп дайындаумен дабыл қағарлық жағдай қалыптасты. 25 шілдедегі жағдай бойынша жалпы республикада 6,1 млн тонна пішен немесе жоспардың 48 пайызы дайындалған. Былтыр 6,9 млн тонна немесе жоспардың 56 пайызы дайын болған еді", - деп көрсетілген ҚР АШМ хабарламасында.
"Пішен дайындау бойынша ерекше қиын жағдай Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қалыптастып отыр. Ол жерлерде тиісінше жоспардың 27 және 25 пайыздары ғана дайындалған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.