Қазақстанда жер сілкінісі болды, жер асты толқулары Шымкентте сезілді

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым жерде болды, деп хабарлады Қазақстан білім министрлігі ғылыми комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясынан.

Энергетикалық класы - 9.1, тереңдігі – 5 шақырым.

Жер ошағының координаттары – солтүстік ендікте 42,32 градус, шығыс бойлықта 69,84 градус.


Сейсмологтардың айтуынша, күштілігі екі балл жер сілкінісі (МSК-64шкаласы бойынша) Шымкентте байқалған.