Әдістемеге мемлекеттің қажеттігіне алынатын жер мен ғимараттардың нарықтық құнын анықтауға бағытталған 17 фомула мен 18 кесте енді. Қазақстанның бағалаушылар палатасы басқармаларының мүшесі Борис Гузевтің айтуынша, негізгі әдістеме - екеу. "Бірінші постулат бойынша жердің құны ғимарар құнының 30 процентіне тең болмақ. Сондықтан жеке тұлғаның учаскесі мемлекеттің қажеттігіне деп алынған жағдайда, ең бірінші, бұл жерде қандай құрылыс салынады деген сауал туындауға тиіс",- деді Б.Гузев.
Екінші әдіс - кірістік әдіс деп аталады. "Жердің құны оның келешекте әкелетін пайдасына қарай анықталуы тиіс",- деді Б.Гузев. Тұтынушыларды қорғау жөніндегі ұлттық лиганың президенті Светлана Савченконың түсініктемесіне сәйкес, "қайтып алынған жерде бой көтеретін үй күрделі жөндеусіз 30 жыл шыдайды. Осы мерзімде табатын пайда есептеліп, оның бір бөлігі жердің құнына саналуға тиіс".
Әдістемені жасап шығуға мамандар 3 ай уақытты сарп еткен. Сарапшылар Ресейдегі жылжымайтын мүлікті бағалау тәжірибесін негіз етіп алды. Олар әдістемені "Алматыжер" КҚҚК-ына жолдап отыр. Жерді бағалауда пайдалану үшін бұл құжат үкіметте мақұлдануы тиіс.
Сонымен бірге әдістеме жасау жөніндегі комиссия өкілдерінің есептеуінше, алдағы үш жылда Алматының жоғарғы бөлігіндегі жерлер мен ғимараттарды мемлекетке қайтарып алғаны үшін төленетін өтемақы 1,5 млрд. долларды құрамақ.