Қазақстанда жетім балалар үйлері болмауы керек

«Біз мұндай шараны осымен үшінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз және нәтижелер жаман емес. Өткен жылғы акцияның қорытындысы бойынша 14 бала патронаттық тәрбиеге берілді», - дейді Оңтүстік Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің өкілі Әлия Биболова.

Департаменттің ақпараты бойынша, облыстағы 6 балалар үйінде 509 бала тәрбиеленуде. Оған қоса, 2 352 бала туған-туыстарының қамқорында болса, тағы 455 бала - патронаттық тәрбиеде.

«Бұл акцияның мақсаты - ата-аналар мен балаларға бейресми жағдайда танысуға, сөйлесуге, ортақ пікірлес болуға мүмкіндік беру», дейді тәжірибелі педагог Екатерина Жукова.