Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева мәлім етті.
«Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 5 жылдың ішінде еліміздегі жетім балалардың саны 8812 адамға азайды. Ал балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 5237 балаға кеміді», - деді З.Оразалиева.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, республикада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 680 бала бар. Олардың ішінде 21 856 бала қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, ал 1947-сі патронаттық тәлім-тәрбие алуда.