Қазақстанда "Жібек жолы" жарысы кезінде голланд жүк көлігі өртеніп кетті

Еске сала кетейік, қатысушылар Қазақстанға кеше келген болатын, алғашқы бекеттері Қостанай қаласы еді.

"Мартин ван ден Бринктің жүк көлігі өртенді! Өрт сөндірілді, экипаж зардап шеккен жоқ, бірақ голланд командасының жеңіске жетуге деген үміті барған сайын азайып барады…", — делінген хабарламада.

Әлемдегі ең ұзын раллидің жалпы қашықтығы 9068 км, ол 7 шілдеде Мәскеуден басталып, 22 шілдеде Сиан қаласында (Қытай) мәресіне жетеді.


Қазақстанның учаскесін ралли қатысушылары 10-13 шілдеде жүріп өтпек. Раллиге әлемнің 40 елінің спортшысы қатысады.