Қазақстанда жоғары сапалы кварц шикізатының дәлелденген қоры 65 млн. тоннаны құрайды

В.Костюченконың айтуынша, кварц қоры Қазақстанның бес аймағында табылған. Атап айтсақ, кварц шикізатының бағаланған қоры Батыс Қазақстанда 15 млн. тоннаны, Орталық Қазақстанда 35 млн. тоннаны, Оңтүстік Қазақстанда 40 млн. тоннаны, Шығыс Қазақстанда 5 млн. тоннаны, Солтүстік Қазақстанда 5 млн. тоннаны құрайды.

"Кварц шикізатының тазалығы мен оның қорына қарай Қазақстан Бразилия мен Мадагаскардан кейінгі орында тұр",- деді В.Костюченко.