"Жалақының кешігу туралы мәселесі ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі күні еліміз бойынша ол 1 миллиард 472 миллион теңгені құрайды және берешектің үш түрінен тұрады. Көп берешек банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда - 978 миллион теңге, олардың саны елімізде 80 және олар 3 мың жұмыскерлердің алдында қарыз. Олардың қарыздарының өтеу үдерісі заң бойынша атқарылады", - деді Нұрымбетов.
Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, бүгіндегі және мерзімі өткен берешектер бар.
"Ағымдағы берешек - үш айға дейін 29 кәсіпорындар үшін 410 миллион теңгені құрады және мерзімі өткен берешек үш айдан астам - 9 кәсіпорынға 85 миллион теңгені құрады", - деп толықтырды вице-министр.
Айта кетейік, ең үлкен берешек Шығыс Қазақстанда - 92 миллион теңге және Қарағанды облысында - 70 миллион теңге, ал мерзімі өткен берешек бойынша Маңғыстау облысы көш бастайды - 23 миллион теңге және Қарағанды облысы - 16,7 миллион теңге.
"Кәсіпорындар бойынша - банкроттықпен берешек болғандардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы байқалады - 260 миллион теңге, 198 миллион теңге - Ақмола облысында және 154 миллион теңге - Батыс Қазақстан", - деді Б.Нұрымбетов.
Оның айтуы бойынша, елімізде жалақының көлемі 133 мың теңгені құрайды, ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында байқалады - 298 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 249 мың теңге және үшінші орында өнеркәсіп саласында - 182 мың теңге. Дәстүр бойынша Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады.