Қазақстанда жол апатының салдарынан жеті адам мерт болып, екеуі жарақаттанды

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, 25-қаңтарда 18 сағатта Алматы облысының Іле ауданында Алматы - Өскемен тасжолында "Тойота" жеңіл көлігі ағашқа соғылған. Жол апатының салдарынан оқиға болған жерде екі адам қайтыс болып, екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Сонымен қатар, Атырауда 25-қаңтарда 15 сағат 30 минутта "Фольксваген" жеңіл көлігі жол бойындағы жылу трассасына соғылған. "Жол апатының салдарынан оның жүргізушісі мен көліктегі төрт жолаушы оқиға болған жерде көз жұмған",- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.