Қазақстанда жол бойындағы полиция бекеттері жабылады

«Ішкі бекеттер қысқартылып, тек жалпы ел аумағының периметрі бойынша қалады. Олар өз ішінде қысқарылатын болады. Ал 300-ге жуық қызметкер күшейтуді қажет ететін қызметтерге ауыстырылады», - деді Алексей Калайчиди.

Бекетке негізделген үйлердің өзі енді басқа мақсатта қолданылатын болады.

«Бекеттердің өзі қонақүйлерге беріледі. Олар қатты суықта кіріп жылынатын жер ретінде немесе дағдарыстық жағдайларда қолданылады. Сондай-ақ, қалаларға кіретін жерде тұратын бекеттер де жабылады, олар біртіндеп қысқарылатын болады», - деді Калаичиди.

Оның айтуынша, жабылатын бекеттердегі полиция қызметкерлеріне жұмыс орындары дайын, ешкім жұмыссыз қалмауы керек.


Ол сондай-ақ, мұндай шаралардың қалаға кіргізетін тыйым салынған заттардың өсуіне әсер етпейтініне сенім білдірді