Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Арыс - Шардара тас жолының 40-шы шақырымында таңғы сағат 6.00-де "Опель" көлігі аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы Арыс қаласының Аудандық орталық аууханаға жеткізілген. Ол жерде алған дене жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі жан тапсырды.